Автор:
Айман Коккозова (Қарағанды, Қазақстан)
Нарықтық қатынастар жағдайында көптеген кәсіпорындар, банктер, сақтандыру компаниялары, көлік және коммерциялық ұйымдар мүлікті пайдалану, жұмыстар мен қызмет көрсетуді орындау, комерциялық операциялардың, ақша қаражаттары есебін жүргізу бойынша сан алуан келісім шарттық қатынастарға түседі. Қажетті ақпаратты алудағы мәмілеге қатысушылар арасындағы осы қатынастардың нақтылығын тексеру нәтижесінде тек тәуелсіз аудитор ғана дәлелдей алады.
Аудит теориясы мына негізгі элементтерден тұрады: компоненттер, қағидалар, концепциялар, постулаттар, стандарттар және нормалар.
Аудиттің бірінші компоненті - бұл экономикалық обьект. Аудиторлық қызметті жүргізудің өндірістік жағдайы мен ақпаратты жүргізудің қажетті шарты оның аясы туралы айқын түсінік болып табылады. Ол белгілі бір уақыт аралығында, компанияның жылдық есеп беруіне аудит жүргізгенде немесе ішкі аудитте, сондай-ақ экономикалық обьект болып табылмайтын ақпараттық жүйедегі аудитте нақты шаруашылық жүргізші субьектілердің параметрлерімен анықталды.
Екінші компонент — өндірістік жағдай мен ақпарат. Аудиттің көптеген түрі шаруашылық жүргізуші субьектілердің басшылығымен дайындалған ақпаратты бағалайды.
Үшінші копонент бұл аудитті жүзеге асырушы тұлғаның біліктілігі. Аудитор ең алдымен өз ісінің құзіретті маманы болуы, яғни тиісті фактілерді жинай білу керек және осы фактілерді бағалайтын өлшемдерді жете білу қажет. Одан тәртіптің белгілі бір нормаларын, атап айтқанда, өз ісінің тәуелсіздігін сақтап, қысым көрсетілушілікке қарсы тұра білу керек.
Аудиттің төртінші компонентіне техникалық тұрғыда аудиторлық қызметтің негізгі мазмұны боып табылатын фактілерді алу мен бағалау жатады. Фактісіз қандайда бір аудиторлық есеп беру ұтымды жүргізілген зерттеудің нәтижесі ретінде қабылданбайды.
Бесінші компонент ретінде аудит мазмұны туралы ақпаратқа немесе функциялауға қатысты жиналған фактілер негізінде белгіленген критерийлер алдыға шығады.
Аудиттің алтыншы компоненті аудиторлық есеп беруді жасау. Аудитор осы арқылы тексеру барысында ашылған жағдайлар туралы, шаруашылық жүргізуші субьектілердің қызметін оңайландыру бойынша ұсынған шаралары мен айтқан ескертпелері туралы хабарлайды.
Аудит өзінің кәсіби қызметінде мына қағидаларды басшылықа алу керек: адалдық, обьективтілік, кәсіби құзыреттілік, құпияны сақтай білетінділік, тәуелсіздік, жинақылық, мұқияттылық, ғылымиялық, нақтылық, жариялық, демократияшлдық және т.б. Мысалы, аудитор өзінің кәсіби міндетін орындау барысында қоғамдық сенімді қолдау әрі нығайту ретінде адалдық, обьективтілік және тәуелсіздік қағидаларының талаптарын сақтауы, өзіне сеніп тапсырған жұмысты мінсіз әрі адал орындалуы талқылауда білдіретін пікірінің обьективтілігі мен тәуелсіздігін сақтауы керек.
Ғылыми қағидасының мағынасы аудиттің қорытындылары аудит теориясы және оны басқару ғылымының бар ережесімен әрекет етудің нұсқасын құптайды немесе одан бас тартады. Ол белгілі бір бастапқы мәліметтермен құрылған теориялық базаның ғылыми шынайылығын немесе жалғандығын көрсетіп береді.
Нақтылық қағидасы аудиттің мақсатқа лайықты әрі уақытылы жүргізілуін білдіреді.
Жариялық қағидасын сақтау қажеттілігі аудитті жүргізуге де, оның нәтижесіне де қатысты. Жариялықтың аудиттің дамуы мен аудиторлық беделін көтеруге пайдасы бар. Қоғамдық пікірді қалыптастыруда маңызы зор.
Халықаралық аудиторлық қызметтің нұсқауында тәуелсіз тексеру жүргізілгенде сақталуы қажет басқа да қағидалар аталады. Негізгі қағидалардың маңызы мен оларды сақтау аудиторлықты тек жақсы жағынан ғана ұғындырып қоймай, оның қызмет нәтижелерінің тиімділігін арттырады.
Концепциялар (тұжырымдамалар) аудит теориясының бағытын белгілеп береді. Негізгі бес тұжырымдамасы: мінез-құлық, тәуелсіздік, кәсібилік, дәлелділік және ұсынудың дәлдігі.
Аудиттің көкейтесті мәселелерінің бірі - оның постулаттарын зерделеу болып табылады. Кең мағынасындағы постулат - бұл басқаша дәлелденбейінше, жоққа шығарылмайынша ақиқат ретінде қабылданатын аксиомалық ережелер. Аудит теориясындағы постулаттардың рөлі аса маңызды болады. Оларды күнделікті іс-тәжірибеде біліп қолдану аудиттің мақсаттары мен техникасын, аудиторлық стандарттардың, нормалардың, мазмұнын терең түсінуге мүмкіндік береді. Аудиторлық стандарттарды жобалауда колданылуы аудиторлық қызметтің тиімділігіне оң әсер ететін, кәсіби маман топтар талқыға салатын постулаттардың нақты жүйесі негізге алынуы керек.
Стандарттарды аудиттің теориясы мен іс-тәжірибесінде негізгі ережелер немесе аудиторлық процедураның қағидалары деп ұғуға болады. Аудиторлық стандарттар әрбір тексеруші органға кәсіпорынның міндет жүктеушісі болып табылады.
Стандарттардан бір айырмашылығы аудит нормалары негізгі қағидаларды қарастырмайды, сөйтсе де мына жағдайларда қолданылуы мүмкін процедуралар бойынша басшылықты қамтиды: өзіндік ерекшелігі бар мәселелерді тексеру; жекелеген салаларды ревизиялау; бейаудиторлық есеп берулерді дайындау және т.б.
Ұйым қызметі мен оның заңды орындалуын тәуелсіз аудиторлық тексеру мемлекетке де экономика қаржыландыру, несие беру, инвестициялау, және салық салу саласында қажетті шараларды қабылдау үшін қажет, жекелеген кәсіпорындар, ұлттық экономика салалары мен аймақтар бойынша жүргізілетін аудиторлық тексерулер өздерін қызықтыратын қаржылық есептеме нақтылығын дәлелдеу үшін республиканың мемлекеттік органдары, министрліктер мен ведомствалар, соттар, прокуратураға және басқаларға қажет.
Аудит өзінің кәсіби қызметінде адалдық, обьективтілік, кәсіби құзыреттілік, құпияны сақтай білетінділік, тәуелсіздік, жинақылық, мұқияттылық, ғылымиялық, нақтылық, жариялық, демократияшлдық қағидаларды басшылықа алу керек.
Аудитор өзінің кәсіби міндетін орындау барысында қоғамдық сенімді қолдау әрі нығайту ретінде адалдық, обьективтілік және тәуелсіздік қағидаларының талаптарын сақтауы, өзіне сеніп тапсырған жұмысты мінсіз әрі адал орындалуы талқылауда білдіретін пікірінің обьективтілігі мен тәуелсіздігін сақтауы керек.
Аудиторлық қызметті жүргізудің өндірістік жағдай мен ақпарат жүргізудің қажетті шарты оның аясы туралы айқын түсінік болып табылады. Ол белгілі бір уақыт аралығында, компанияның жылдық есеп беруіне аудит жүргізгенде немесе ішкі аудитте, сондай-ақ экономикалық обьект болып табылмайтын ақпараттық жүйедегі аудитте нақты шаруашылық жүргізші субьектілердің параметрлерімен анықталады.
Аудиторлық қызметтің мәні қаржылық есеп беруді, төлем есептеу құжаттамасын тәуелсіз тексеру, түрлі қызметтер мен кеңес беру, бухгалтерлік есеп жүргізу мен қалпына келтру, ұйымның активтері мен міндеттемелерін бағалау, салық декларациясын толтыру, қаржы шаруашлық қызметке экономикалық талдау жүргізу бойынша тұтынушыларға қызметтер ұсынытын аудиторлық фирмалардың кәсіпкерлік қызметі болып табылуында.
Аудитке кәсіпорын қызметін жан жақты тексеру енеді. Сондықтан ол аудиторға басшылыққа арналған және оның қызметінің тиімділігін жоғарылату жөніндегі конструктивті ұсыныстар дайындауға мүмкіндік береді.
Жіктемеге сай аудит төмендегі түрлерге болінеді:
1. Ақпаратты пайдаланушыларға қатысты: cыртқы, ішкі.
2. Заң талаптарына қатысты: міндетті, бастамашылық.
3. Аудит обьектілері бойынша: банктік аудит, сақтандыру компанияларының аудиті, биржалар, инвестициялық институтар мен зейнетақы қорларының аудиті, жалпы аудит, мемлекеттік аудит.
4. Тағайындалуы бойынша: қаржылық есеп беру аудиті, салықтық аудит, сәйкестік аудит, операциялық аудиті
5. Жүзеге асырылу мерзімі бойынша: бастапқы, келісілген.
6. Тексеру сипаты бойынша: дәлелдеуші, жүйелі бағытталған, тәуекелділікке негізделген аудит.
Ішкі аудит басқару есебінің бөлінбес және маңызды элементі болып табылады. Ішкі аудитке деген қажеттілік жоғары басшылық барлық басқару құрылымдары қызметін күнделікті бақыламауына байланысты кәсіпорында пайда болады.
Ішкі аудит осы қызмет туралы ақпарат беріп, менеджерлер есебінің нақтылығын дәлелдейді. Ең алдымен аудит ресурстарды жоғалтуға жол бермеуге және кәсіпорын ішіндегі қажетті өзгерістерді іске асыру үшін қажет.
Ішкі аудиторлардың белгілі бір қызметін басшыға немесе директорлар кеңесіне немесе акционерлер жиналысына бағынатын ірі кәсіпорындардың тексеруші топтары орындайды. Ішкі аудиторлар қызметі кеңірек және оған енетіндер:
· Активтердің жағдайын бақылау шешім қабылдау кезінде басшылық пайдаланылатын ақпараттардың дұрыстығын дәлелдеу.
· Жүйешілік бақылау процедураларының орындалуын дәлелдеу.
· Ішкі бақылау жүйесінің қызмет етуімен ақпараттардың өңделудің тиімділігін талдау.
· Басқарушы ақпараттың жүйе беретін ақпараттардың сапасын бағалау.
Сонымен, ішкі аудит шеңберінде активтердің сақталуын жан жақты бақылау ғана емес, менеджмент саясаты мен сапасын бақылауда жүзеге асырылады.
Қаржылық есеп беру аудиті – барлық елеулі аспектілер бойынша дұрыстығы туралы аудиторлық қорытынды беру мақсатында субьектілерінің қаржылық қорытынды есебін тексеру, оны сыртқы аудиторлық фирмалар жүргізеді және пайдаланушылардың кең көлеміне арналған.
Сәйкестік аудиті — бұл ұйымның шаруашылық жүйесінде заң актілері мен нұсқаушы материалдарының нормаларын, сонымен қатар әкімшілік персоналына арналған процедуралар немесе ережелердің сақталуын тексеру.
Салық аудиті — бұл салықтарды төлеудің, есептеудің дұрыстығы мен толықтығын аудиторлық тексеру, салық саясатын ұсыну.
Арнаулы аудит — субьект қызметінің жекелеген жақтарын, мемлекет алдындағы белгілі бір норма мен міндеттемелердің сақталуын тексеру.
Экологиялық аудит — қоршаған ортаның нақты жағдайының басында берілген ішкі және сыртқы экологиялық стандарттар мен нормалардан ауытқуын бағалау.
Операциялық аудит — басқару үшін тиімділігін, сенімділігімен пайдалылығын бағалау мақсатында ұйымның шаруашылығын, механизімінің жекелеген бөлшектерінің қызмет етуін тексеру.
Сонымен аудит – бұл еліміздегі шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін экономикалық талдаудың және қаржылық бақылаудың салыстырмалы түрдегі жаңа бағыты.
Әдебиеттер:
1. Абленов Д.О. Аудит негіздері: Оқулық – Алматы: Экономика, 2005. -399 б.
2. Абленов Д.О. Қаржылық бақылау және басқарушылық аудит: теориясы, әдіснамасы, тәжірибесі: оқу құралы. –Алматы: Экономика, 2007. -543 б.
Ғылыми жетекші:
Экономика ғылымдарының магистрі Садуақасова Мархабат Берикболовна.